«Абай жолы» романының аудиокітабы жарық көрді

Ұлттық кітапханада Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабының тұсаукесер рәсімі болды. Алашқа танымалы Мұрат Әуезов, Смағұл Елубай және Қытайдан келген қандасымыз журналис Қайрат Нәбиұлы т.б. азаматтар іигі істің мәнін кіргізді. Аудиокітап Шыңжан халық радиосында дыбысқа салынып, Пекиндегі ұлттар дыбыс-кесін баспасында басылып шығыпты. Бұл аудиокітапты шығаруға белсенділік танытқан Алтай өңірінің тумалары болса керек. Қайрат Нәбиұлының айтуына қарағанда Астанада болған төртінші әлем қазақтарының құрылтайына қарсы елге әкелген сыйы екен. Және осындай маңызды жобалардың жалғасы болатынын айтады. «Абай жолы» роман-эпопея аудиокітабының толық нұсқасы бойынша дайындалған. 80 сағаттан тұратын аудиокітапты әзірлеуге Жәнәбіл Сымағұлұлы, Мұратбек Тесебайұлы, Манен Зейнелұлы, Серік Әбілұлы, Жеңісқан Нүсіпұлы, Қайрат Нәбиұлы сияқты бірқатар азаматтардың еңбегімен жарық көріпті.

Posted in Мақалалар | Коммент өшірілген on «Абай жолы» романының аудиокітабы жарық көрді

Ахмет Байтұрсын саябағы ашылды

Алматы қаласында Ахмет Байтұрсын мұражайы мен Ахмет Байтұрсын көшесінің бойындағы тұрған бұрынғы саябақтың атын Ахең есіміне берді. Бұл шешім осыдан 13 жыл бұрын Алматы қаласының әкімшілігінің қарауында жатқан көрінеді. Алайда, ресми билік Алаш зиялылардың атын айтудан қорқама кім білсін. Осынша сағызша созылған шешім енді өз орнын тапқандай. (фоторепортажы, суреттерді автордың келісімісіз пайдалануға болмайды)

Posted in Суреттерім | Коммент өшірілген on Ахмет Байтұрсын саябағы ашылды

Әлихан Бөкейхановқа 145 жыл

Әлихан Бөкейханов:»Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады» көрегенділік деп осыны айт. Айтқан өсиеті айнымай келді. Бабамның аңсаған арманы орындалды. Ел болдық. Тәуелсіздік алдық. Барымызды түгендеп, жоғымызды іздеп жатырмыз. Алаштың сөзі қайта жаңғырды. Қазақ ұйқыдан оянды… Алайды көңілге кірбіңдер келетіні анық. Алаштың тәуелсіздігін аңсап өткен нар тұлғаның бүгінде қадір қасиетін қаншалықты сезіп жүрміз? Еріксіз еңкейіп ұялғаннан басқа амал жоқ. Ердің ерліктерін насиқаттау әлі күнге дейін көлеңкенің тасасында қалып келеді. Елім деп еңіреп кеткен ердің бүгінде саяси тұрғыдан қаншалықты деңгейде бағасын алды. Олда көп сұрақтың бірі. Әлихан Бөкейхановқа 145 жылдық мерейтойы келсе де қазақ билігі Алаштың арысын айтудан әлі сескеніп келеді. Бірақ, Әлекеңнің алар биігі әлі алыста. Бүгін болмаса да ертеңгі ұрпақ өз биігіне қондырары анық. Осы бір бильборд Астана да емес, Алматы да емес Жезқазған қаласында ілініпті.

Posted in Алаш сөзі | Коммент өшірілген on Әлихан Бөкейхановқа 145 жыл

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Сәуірдің 24-і күні халықаралық көшеттер отырғызу күніне орай еліміздің бас қаласынан бастап ауылға дейін тал-шыбықтарды егу рәсімі болды. Алайда, осындай игі істің бастамашы болып, Алатау әкімшілігімен бірлесе отырып, Байбесік тұрғындарын тазалық сенбілігі қосса көшет отырғызу шарасына шақырдық. Сенбіліктен арнайы фоторепортаж.

Әумин деп Алатау ауданының әкімшілік қызметкерлері көшет отырғызуды бастап кетті.

Солдатбай ақсақал.

rel=»attachment wp-att-379″>

Меңдіхан көршіде қасымызда.

Бұл сері жігіт Ғабит Бөкенбай, алыстан шаршап келсе де елге бір пайдам тисін деп дауыс ұлғайтқышты алып тұрғындарды тазалыққа шақырып жүр.
Біз.
<a href="https://erkinzhan.wordpress.com/?attachment_id=381&quot;

Тұрғындар.

Тұрғындардың еңбекқорлығына әкімшілік қызметкерлері таң қалып тұр.

Маса болып ызылдап шенеуніктерді шағып жүрген біздің Ардаш.

Тасжол шаңнан көрінбей қалыпты.

Осылай тал егумен қатар тазалық сенбілігіде бірге өтті.

Қазақтілді вебсайттың фоторепортажы билікті «оятты»


Байбесік ауылындағы үйсіз-күйсіз бала. Алматы, 11 сәуір 2011 жыл. (Masa.kz сайтынан алынған сурет)
15.04.2011

Мәншүк АСАУТАЙ

Маса.kz сайтының әлеуметтік фоторепортажы Facebook пен Twitter желілерінде талқыланып, депутаттардың сауал жолдауына себеп болды. Сорақы фактілер билік орындарына қозғау салды.

Екі күннен кейін жергілікті әкімшілік үйсіз-күйсіз балаларды мемлекет қамқорлығына өткізді. Осылайша интернеттегі мақала әлеуметтік желі арқылы қоғамдық мәселеге биліктің назарын аудартты.

«СҰМДЫҚ»

Сәуірдің 11-і күні Masa.kz сайтына шыққан фоторепортаждың ауторы Ардабек Солдатбай оқиға орнына барған сәтте көзіне жас алғандығын айтады.

– Сұмдық болды! Бірінші көзіме жас келді. Барарда «алдымнан кішкентай бала шығып қалса берермін» деп қалтама кәмпит сала барған едім.

Алдымнан бір емес, алты бала шыққанда тәттім жетпей қалды. Ал тәттіні сол балалар қалай жегенін көрсеңіз ғой… Шешелері сол кезде мас болып үйінде жатты, – деп еске алады журналист.

Оның сөзінше, осыдан екі апта бұрын Алатау ауданына қарасты Байбесік шағын ауданында, жар басында жалғыз үй тұрғандығын естіген. Ол жерде «жағдайы нашар адамдар тұрады, мас еркектер жүреді» деп естіген. Бірақ «жасы әлі беске толмаған алты бүлдіршіннің тұратындығын күткен жоқпын» дейді Ардабек Азаттық радиосына сәуірдің 14-і күні берген сұхбатында.

– Кішкентай ғана жапан. Үйге кіру мүмкін емес, сасық. Соның ішінде бір ер адам ұйықтап жатты, – деді журналист.

Ал репортаждың суреттерін түсірген фотограф Еркін Қуатай сол күнгі көргенінің әсерінен «ұйқым қашты» дегенді айтады.

– Жүрегім ауырды біраз күн… Түнде ұйықтай алмай, үш-төртке қарай жатып жүрдім. Шыны керек, мен бұл мәселе тез арада шешімін табады деп ойлаған жоқ едім, – дейді Еркін.

Masa.kz журналистері бұл оқиғаның осымен аяқталмағандығын, балалардың тағдырын бақылап отыратындарын айтады.

«БҰЛ – ИНТЕРНЕТТІҢ ЖЕҢІСІ»

Ардабектің сөзінше, бұл мақаланың тез арада қозғау салуына қазіргі әлеуметтік желілер мен оның оқырмандары көп септігін тигізген.

– Мен алдымен оқырмандарға ризамын. Қазақ қоғамының оянып келе жатқанына көзім жетті. Егер осыдан 3-4 жыл бұрын осындай мәселе көтерілсе, мұндай жауап болып, әкімшіліктің әрекет етуі мүмкін емес еді. Мұның өзі әлеуметтік желілердің бой алып, үлкен ықпалға ие бола бастағанын көрсетеді. Facebook пен Twitter-де талқыланғаннан кейін парламенттің мәжілісіне дейін депутаттар сауал жолдады. Жайшылықта «әй, әйтеуір барармыз» дейтін әкімшіліктің өзі екі күннің ішінде комиссия құрып, үшінші күні балаларды тиісті мекемелерге орналастыруы – интернеттің жеңісі деп білемін, – дейді сұхбаттасымыз.

Журналист әлеуметтік желі арқылы пікір білдіргендердің ішінде қазақ тілді баспасөзге сенімсіздік танытқандар болғандығын айтады.

– Бізге келген комментерде «бұл тақырыпты орыс тілді арналарға беріңдер, мақаланы орыс тіліне аударыңдар» деген ұсыныстар болды. Дегенмен жағдай басқаша болды. Менің ойым, қазақ тілді ақпарат құралдары, журналистер бірікпесе – ешқандай нәтиже шықпайды. Сыртымыздан «ей, анау айта береді» деп жүре берсек – жүре береміз. Мәселені бірігіп көтеруіміз керек, – дейді Ардабек.

ЗАҢНЫҢ КЕДЕРГІСІ

Фотограф Еркін Қуатай «бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда арнайы рұқсатсыз ешкімнің бейнесін түсіріп, пайдалануға рұқсат жоқ» екендігін айтады. Оның сөзінше, дәл осы заң әлеуметтік жағдайы мүшкіл жандарды, немесе қоғамның басқа да кемшін тұстарын көрсетуге кедергі болады.

– Егер бұл фоторепортаж емес, тек қағазға жазылған мақала ғана болса, қоғамға ешқандай ой салмас еді. Фотосуреттегі көріністер еріксіз адамның

жігерін ез қылдырады. Біз осындай елде тұрып, балалардың осындай күйге түсуі, олардың аш жүруі – өте қиын жағдай, – деді Азаттыққа сұхбат берген Еркін Қуатай.

Сұхбаттасымыз оқиға орнынан әсерлі суреттерді түсіруде біраз қиындық болғанын айтады.

– Мен бұл үйді бірнеше күн бұрын барып, сыртынан бақылап көрдім. Ал фотоппаратты алып барғанымызда, сондағы әйел аппаратыма жармасып, түсіруге кедергі келтірді. Бірақ мен балалардың жағдайын көргенде оның қарсылығына бағынбай, баса көктеп, үйіне кіріп суретке түсірдім. Маған сол сәтте сондағы шынайы өмірді оқырманға жеткізу маңыздырақ болды, – дейді Еркін.

Ол фотографтың ісі қауіпті мамандықтардың бірі деп санайды.

– Көбіне фотожурналистердің еңбегі көзге елеусіз болып жатады. Түсіру барысында көптеген кедергілер болады. Шенеуніктерден, қарапайым адамдардан қарсылық болады. Еріксіз жасырынып, қуыстарда тығылып отырып түсіруге мәжбүр боламыз. Тіпті камерамызды тартып алған жағдайлар да болды. Өте қиын, өте қауіпті мамандықтың бірі деп есептеймін. Бірақ суретті түсіріп болғанан кейін жұмысыңызды көріп демаласыз, – дейді Еркін Қуатай.

«ҰЛТТЫҚ ИММУНИТЕТ»

Өткен жылдың қараша айында ашылған Masa.kz сайты – тәуелсіз басылым.

– Біз «Абай» ақпарат қоғамдық қорының негізінде шығамыз. Бізде Masa.kz, Abay.kz және Oitobe.kz деген үш сайт жұмыс істеп жатыр. Abay.kz негізінен халықтың рухани дүниесін жариялайды. Ал Masa.kz – ұлттық иммунитет деп санаймыз. Сондай болсын деген оймен құрғанбыз. Біздің ешқандай көксеген саяси мақсатымыз, не болмаса қара басымыздың қамын күттеген жағдайымыз жоқ. Тек «қазақ баспасөзінде тәуелсіз интернет дегенді қалыптастырсақ» деген мақсатпен басталған, – дейді сайттың редакторы Ардабек Солдатбай.

Оның айтуынша, Masa.kz сайтының оқырмандары – «бесінші сыныптың оқушысынан бастап қартайған ақсақалға» дейінгі адамдар.
Азаттық радиосы сәуірдің 15 күні
http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_journalists_masa_kz/3558125.html

Posted in Мақалалар | Коммент өшірілген on Қазақтілді вебсайттың фоторепортажы билікті «оятты»

Жалаң аяқ балапан, сәбидер қалай күн көрер (жалғасы)

Маса кз. сайтында » Жар басындағы жалғыз үй» деген тақырыппен жарияланған әлеуметтік күн көрісі төмен отбасыдағы сәбилердің қалі фоторепартажы арқылы көрсетілді. Бұл фоторепартажы маса. кз. және абай.кз. сайттарымен қоса бірнеше әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Оқырмандардың есебінде шек жоқ, балалардың өмірін арашалап қалудың жолдарымен бөлісіп жатты. Сәбилердің өміріне алаңдап Мұрат Әбенов ағамыз депудаттық сауалын Алматы қаласынның прокурорына жолдады, ілешала Алатау ауданының қызметкерлері келіп, жағдайдың барысымен танысты. Кінәсіз сәбилердің тыныс-тіршілігі әкімшік қызметкерлерінде қайран калдырды. Сәбидің бақытсыз күндеріннен жасалған фоторепартажы елдегі жалпы әлеуметткі әлсіз топтардың жағдайы қанық баяндалды. Алайда бұл бір ғана мысал екенін айтпаса да түсінікті. Жасалған фоторепартажы жай ғана фотосурет ретінде қалған жоқ, қоғамға ой салды. 14 сәуірде Алматы қаласындағы 2 аурухананың дәргерлері үйшік қорадан ауруханага әкелді. Балдырғандардың денсаулығын дәргерлер толық тексеріп шықты. Қазір осы дәргерлердің қарауында жатыр. Астаналық белгілі бір саясаттанушы ағамыз атын айтпауды өтініп, сәбилерге ақшалай жәрдем жасады.

«>

Бүгін

кеше

Бүгін

Кеше
<
Бүгін

Кеше

Кеше

Бүгін

Posted in Мақалалар | Коммент өшірілген on Жалаң аяқ балапан, сәбидер қалай күн көрер (жалғасы)

Жалаң аяқ балапан, сәбилер қалай күн көрер

Бұл күнде жағымпаз бұлбұлдар сайрап жүр ғой , «еліміз Еуропаны басып өзды, әлемді аузымызға қаратып үлгердік 20 жылда» деп босіп жүргендердің талайын естідік. Ақиқаты мынау. Бұл Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты Ұлжан 2-ші ықшам ауданда тұратын бейкүнә сәбилердің бір күндік өмірінен фотобаян. Ата -аналары ішімділік пен жезөкшелікке салынып кеткен. Қараусыз сәбилердің аянышты тауқыметі еріксіз еңсемізді түсіреді. Мүмкін осы балалардың арасында болашақ ғалым, мықты тұлға бар да шығар. Алайда ел болып отырып, сәбилердің тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Осы фотосуреттер «маса» сайтына салынып, ел арасындағы ащы әлеуметтік шындықты ашып беруне тырыстық. Ата Заңымызда жазылғандай «Ең басты құндылық адам өмірі» деген. Ой қосып, тығырыққа тірелген жандарға көмек жасайық.

Posted in Мақалалар | Коммент өшірілген on Жалаң аяқ балапан, сәбилер қалай күн көрер